ruenkz

Тәні саудың жаны сау!

Салынған уақыты 31.07.2018 14:13

Көкшетау филиалында ұжымның спорттық өміріне көп көңіл бөлінеді.

Филиалдағы спорттық шаралардың басты мақсаты – жұмыскерлердің спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыру. Бұл денсаулықты және ұжымдағы моральдық климатты жақсартады, сондай-ақ еңбек міндеттерін тиімді және сапалы орындауға септігін тигізеді.

Жұмыскерлер кәсіподақ комитетінің қолдауымен жалға алынатын спорт залына барып, жаттығады. Волейбол, футбол, үстел теннисі бойынша жаттығулар жүргізіледі.

Қысқы спорт түрлері де көп тараған, жұмыскерлер табиғатқа, шаңғымен серуендеуге, эстафеталар өткізуге шығып тұрады.  

Филиалдың қызметкерлерінің арасында ішкі спорт жарыстары, сондай-ақ қаланың басқа кәсіпорындарының арасында жолдастық матчтар ұйымдастырылып тұрады.

Жұмысшылардың көпшілігі спорт жаттығуларына балаларымен бірге қатысады.

5010