Air Astana әуекомпаниясы APEX passenger Experience Awards марапатына ие болды
Салынған уақыты 17.11.2023 13:25
Air Astana әуекомпаниясы Сингапурдағы APEX Asia Expo 2023 көрмесі кезінде Жолаушылар әуетасымалы қауымдастығының (APEX) кезекті марапатын алды. Әуекомпания Орталық және Оңтүстік Азия аймағында «Үздік борттық қызмет көрсету» және «Үздік ойын-сауық жүйесі» екі номинация бойынша марапатталды.
TripIt: Travel Planner саяхатты ұйымдастыруға арналған әлемдегі танымал қосымша арқылы әлемнің 600 әуекомпаниясының миллионнан астам рейсін қамтыған жолаушылардың тәуелсіз пікірлері жиналды. Жолаушылар әуетасымалдаушыларды бес балдық шкала бойынша 5 параметр бойынша анықтады: кресло жайлылығы, борттық қызмет, тамақ және сусындар, ойын-сауық жүйесі және Wi-Fi қызметі
«Біз жолаушыларымызға күтім жасап, ұмытылмас әсер қалдыруға тұрақты талпынысымызды көрсететін марапатты алуға қуаныштымыз», - деп атап өтті Air Astana әуекомпаниясының борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова.
Әр жылдары әуекомпания құрметті марапаттарға ие болған, оның ішінде Үздік ойын - сауық жүйесі, Орталық Азиядағы үздік борттық тамақтану және сусындар, Apex Health safety аудитінің нәтижелері бойынша Гауһар мәртебесі, сондай-ақ беделді марапаттар - APEX Regional Passenger Choice Award и APEX Five Star Major.
1860