ruenkz

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі лоукостері Қазақстанға рейстер ашады

Салынған уақыты 17.11.2023 13:14

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап аталған малайзиялық әуе компаниясы А-330 типті әуе кемелерінде (сыйымдылығы 285 орыннан 377 орынға дейін) аптасына 4 рейс жиілігімен Куала-Лумпур-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылатын болады. Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. 

 

 

1678