ruenkz

Алматыда "Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы - ИКАО Global Reporting Format (GRF)" өңірлік семинары өтеді

Салынған уақыты 13.11.2023 14:08

2023 жылғы 28-29 қарашада Алматыда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен "Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы - ИКАО GRF"тақырыбында өңірлік семинар өткізеді.

Іс-шараның спикерлері АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының (FAA), Airbus, Әзірбайжан азаматтық авиация билігінің мамандары, ҰҚЖ жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілер - MOVENTOR Oy, Monitor Soft, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, отандық авиакомпаниялар мен әуежайлар болады.

ИКАО GRF қолданудың негізгі мақсаты әуе кемесін ұшу-қону жолағынан тыс домалату тәуекелдерін азайту болып табылады. GRF енгізу процесі және оны одан әрі қолдану көптеген мәселелерді, соның ішінде ТМД елдері үшін қалдырғанын ескере отырып, аталған семинардың мақсаты - GRF енгізу және қолдану барысында туындаған мәселелерді шешу тәжірибесімен аймақ елдерімен бөлісу.

Қазақстан - ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматының стандарттарын 100% енгізу туралы жариялаған ТМД-ның алғашқы елдерінің бірі. Бұл үдерісті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ2021 жылғы қарашада сәтті аяқтады.

Қатысушыларды тіркеу 2023 жылғы 31 қазанға дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жүргізіледі: https://caa.gov.kz/ru/GRF2023

1789