Мемлекеттерге қақтығыс аймақтарының немесе оларға жақын маңдардағы әуе кеңісітімен ұшу туралы жаңартылған нұсқаулық материал ұсынылды
Салынған уақыты 10.11.2023 14:49
ИКАО авиациялық реттеуші органдарға мен пайдаланушыларға қақтығыстар кезінде олардың әуе кеңістігін ұйымдастыруға көмектесу үшін жаңартылған нұсқаулық материал шығарды, соның ішінде жанжал аймақтарында немесе олардың маңында ұшуға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Бұл нұсқаулық материал алғаш рет 2017 жылы MH17 рейсін орындаған әуе кемесі 2014 жылы атып түсірілгеннен кейін ИКАО жүргізген жұмыстың нәтижесінде шығарылды. 2020 жылы PS 752 рейсін орындаған әуе кемесінің жойылуы 2022 жылы ИКАО Ассамблеясының келесі сессиясында қолданыстағы басшылықты басым тәртіппен қайта қарау туралы шешім қабылдауға себеп болды. Жаңартылған басылымға жеке тұлғалар, мемлекеттер, салалық мүдделі тараптар және «Қауіпсіз аспан» бастамасы бойынша Комитет ұсынған ұсыныстар кіреді.
Азаматтық әуе кемелерінің қақтығыс аймақтарының үстінен немесе оларға жақын ұшуы үшін қауіп факторларын бағалау жөніндегі нұсқаулықтың үшінші басылымы осы уақытқа дейін «жер–әуе» класынадағы зымырандарымен (SAM), баллистикалық зымырандармен, «жер–жер» класынадағы зымырандарымен (SSM), «ауа–ауа» класынадағы зымырандармен (AAM) байланысты қауіп факторларына қатысты мемлекеттер мен пайдаланушыларға ұсыныстармен, сондай-ақ қақтығыс аймақтарының үстіндегі әуе кеңістігін жабу және қақтығыстан кейінгі әуе кеңістігіндегі жағдайды қайта бағалау бойынша нұсқаулық материалдармен толықтырылды.
Бұл басылымда тәуекелді бағалауды үйлестіру және тәуекел факторлары туралы ақпараттандыру бойынша жаңа нұсқаулар бар.
1552