ruenkz

Еуропалық азаматтық авиация конференциясының Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік семинары өтуде

Салынған уақыты 02.11.2023 11:02

2023 жылғы 2-3 қараша аралығында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да "Азаматтық авиацияда туындайтын қатерлер" тақырыбында авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік семинар өтуде. Аталған семинарды Еуропалық азаматтық авиация конференциясы (ECAC) ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қолдауымен өткізілуде.
Іс-шараға Франция, Ұлыбритания, Португалия, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Болгария, Испания, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысуда. Іс – шараның негізгі мақсаты азаматтық авиация саласында жаңа және туындайтын қауіптерді анықтау, бағалау және азайту мақсатында барлық мүдделі тараптардың жалпы көзқарасын біріктіру.
Ашылу салтанатында ECAC авиациялық қауіпсіздік форумының төрағасы, Еуропалық комиссияның саясат жөніндегі қызметкері Карла Пинто, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі кооперациясының басшысы Йоханес Баур, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Дархан Еспотанов және Case II ЕСАС жобасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Александр Янков құттықтау сөз сөйледі.
Семинар барысында Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар келесі өзекті мәселелерді талқылайды: әуежайды дрондардан қорғау; адам өнімділігіне байланысты қауіптер; лазерлік шабуылдарға жауап беру; киберқауіптер; авиациялық қауіпсіздік саласындағы инсайдерлік қауіп; азаматтық авиация үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының қатері; ПЗРК қолдану қаупі; әуежайдың бақыланбайтын аймағында авиациялық қауіпсіздік қатері; қақтығыс аймақтарына ұшу.
Осы туындайтын қауіп-қатерлерден алдын алу үшін авиациялық қауіпсіздік мамандарына халықаралық ынтымақтастық негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде проактивті тәсілді қолдану маңызды. Ол сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлерін үнемі даярлауды және оқытуды, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен халықаралық серіктестерді қоса алғанда, басқа мүдделі тараптармен тұрақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты талап етеді.



 

 

 

 

1628