ruenkz

«ОШ ӘҚҰ ӨО» ФИЛИАЛЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АВИАЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ А. Б. ТАЙБЕКОВАМЕН КЕЗДЕСУІ

Салынған уақыты 24.10.2023 09:23

«ОШ ӘҚҰ ӨО» ФИЛИАЛЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АВИАЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ А. Б. ТАЙБЕКОВАМЕН КЕЗДЕСУІ

2023 жылғы 18 қазанда Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры Айжан Бағланқызы Тайбекова филиал ұжымымен жыл сайынғы жұмыс кездесуін өткізді.

Есірткінің зияны, олардың адам өміріне әсері туралы әңгіме жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық препараттарды қолдану кең таралған, олардың зиянды әсері  және қауіпті. Айжан Бағланқызы есірткінің адам өмірі мен денсаулығына әсері туралы айтып, есірткіні қолданатын адамды анық көрсететін белгілерді атап өтті.

Филиал директоры С.С. Нәукеев филиал жұмыскерлері арасында есірткіге байланысты жағдайлар жоқ екенін атап өтті. Ұжымның жұмысы әуе қозғалысына қызмет көрсетумен байланысты және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жұмыскерлердің басым көпшілігі мерзімді және/немесе ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді.

Бұдан әрі аға прокурор А. Б. Тайбекова жалақы туралы, жұмыскерлердің оның мөлшеріне көңілі тола ма, кәсіподақ комитетіне сұрақтары немесе шағымдары бар ма деген сұрақтарды қойды.

Филиал директоры С.С. Нәукеев қазіргі уақытта филиал жұмыскерлерінің лауазымдық жалақысы түзетіліп, сәйкестендірілгенін атап өтті. Жұмыскерлердің барлығының өз жалақысына көңілі толады.

Кездесуге қатысушылар Кәсіподақ комитеті жұмыскерлердің сатып алған жолдамалары мен балаларының жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалу құнын өтейді, жұмыскерлердің өтініштері бойынша материалдық көмек көрсетеді деп жауап берді.

Сонымен қатар, А. Б. Тайбекова ҚР Бас көлік прокуратурасының ақпараты бойынша «Қазаэронавигация» РМК жалақыны, салықтарды және алименттерді төлеу бойынша берешегі жоқ, тұрақты және дамып келе жатқан республикадағы жалғыз Кәсіпорын болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында Айжан Бағланқызы жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, филиалдың әрбір жұмыскерінің кез келген уақытта Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасына жеке тәртіпте жүгінуге және білікті заң көмегін алуға, құқықтық сипаттағы сұрақтарға жауап алуға немесе арызбен жүгінуге құқығы бар екенін атап өтті.

1617