ruenkz

Авиациялық жүк торабын құру: Қазақстанның экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер

Салынған уақыты 21.09.2023 16:58

«The Hansa Consortium» неміс компаниясы Қорғаста әуежай жобасын салу мүмкіндігін қарастыруда. Компания басшылары «Қорғас-Шығыс Қақпасы» АЭА, «Zhetysu Invest LTD» ЖШС және «Қорғас» ХШЫО» АЭА басшылығымен кездесуде бастама көтерді. Кездесу барысында әуеайлақтар мен әуежайларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі объектілерін салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту перспективалары талқыланды. Бұған дейін Қорғастағы жүк-жолаушылар әуежайының құрылысы басталған болатын, ол үшін 754 гектар жер бөлінген. Компания өкілдері АЭА зауыттары мен «KTZE-Khorgos Gateway» портына барды. Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

1656