ruenkz

Атырау филиалында Азаматтық авиацияға 100 жыл құрметіне арналған марапат табысталды

Салынған уақыты 08.09.2023 09:39

 «Қазаэронавигация» Атырау филиалы ұжымының жиналысында «Ел Самғау» қоғамдық қорының «Отандық азаматтық авиацияға 100 жыл» мерейтойлық төсбелгі марапатын филиал директоры Бауыржан Қорықбайұлы Молдалиев ардагер Салауат Қабдығалиұлы Қазбаевқа табыстады. Ардагер Салауат Қабдығалиұлы Қазбаев азаматтық авиацияда 43 жыл еңбек етті. Ол бұрынғы әріптестеріне ұшуға ауа-райының қолайлы бола беруін және көкжиектің үнемі көрініп тұруын, ал Кәсіпорынға – табысты, тұрақты дамып, биік биіктерге жете беруді тіледі және «Осы 43 жыл бойы өзімнің сүйікті ісіммен айналыстым, баршаңызға да соны тілеймін» деп сөзін толғаныспен аяқтады.

 

271