ruenkz

Атырау филиалында авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексеру өткізілді

Салынған уақыты 16.07.2018 09:18

Атырау филиалында «Қазаэронавигация» РМК авиациялық қауіпсіздік бөлімі мен ӘҚҰ БҚ АО мамандары авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексеруді жүргізді.

Тексеру кезінде чек-параққа сәйкес РТЖБП, ӘҚҚ қызметтері және метеорологиялық қызмет тексерілді. Тексерушілер әуежайдың күзетілетін аумағынан тыс орналасқан объектілеріндегі авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөлді. Периметрлік қоршаудың, периметрлік және объектілік күзет сигнал жүйелерінің, жарықтандырудың бар болуы және талаптарға сәйкестігі тексерілді.  Күзет фирмасы күзететін «Шолу әуеайлақ-трассалық радиолокатор» қашықтағы позициясына жедел әрекет ету тобын (ЖӘТ) жаттығу-шақырту өткізілді. ЖӘТ-ның келуіне талап етілетін уақыттың нормативі орындалды. Қашықтағы объектілермен бірге әуежайдың күзетілетін аумағында орналасқан филиалдың объектілері: қонудың радиомаяк жүйелерінде, метеолокаторда, басқару-диспетчерлік пунктіндегі бақылаудың жеке пунктінде және «Мұнара» диспетчерлік мұнарасымен техникалық ғимаратында күзет сигнал жүйесінің, жарықтандырудың, кіруді бақылау жүйелері мен бейнебақылаудың бар-жоғы тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша филиалда авиациялық персоналдың, аэронавигациялық инфрақұрылым объектілерінің заңсыз араласу актілерінен, сондай-ақ әуе қозғалысын басқару жүйелерінің кибер шабуылдан қорғаудың авиациялық қауіпсіздік бойынша нормалар, қағидалар мен істерге сәйкестігі белгіленіп көрсетілді.

1685