ruenkz

ИКАО еуропалық аймағының шығыс бөлігі, Орта Азия және Оңтүстік Кавказ маршруттарын әзірлеу жөніндегі топтың Арнайы үйлестіру кеңесі

Салынған уақыты 05.09.2023 16:43

ИКАО еуропалық аймағының шығыс бөлігі, Орта Азия және Оңтүстік Кавказ маршруттарын әзірлеу жөніндегі топтың Арнайы үйлестіру кеңесі

 

«Қазаэронавигация» РМК ИКАО-ның қолдауымен 2023 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Астана қаласында ИКАО еуропалық аймағының шығыс бөлігі, Орта Азия және Оңтүстік Кавказ маршруттарын әзірлеу жөніндегі топтың Арнайы үйлестіру кеңесін өткізеді.

Кеңес жұмысын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев ресми түрде ашты. Бұл іс-шара Орталық Азия мен Кавказды қоса алғанда, ИКАО еуропалық аймағының шығыс бөлігіндегі ІІО бағыттар желісін жоспарлау мен әзірлеуді үйлестіру мақсатында өткізілуде. Кеңес жұмысына Әзірбайжан, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстанның 15 мемлекетінің өкілдері, сондай-ақ IATA, ICAO, Jeppesen халықаралық ұйымдарының және KLM, Air France, Lufthansa, Finnair, Delta Airline әуе компанияларының өкілдері қатысуда. Қазақстанда осындай іс-шараны өткізу мемлекетіміздің еуразиялық кеңістікте транзиттік хаб құруға ықпал ететін авиация саласын дамытуға деген табысты ұмтылысын көрсетеді.

 

 

299