ruenkz

ИКАО-ның «Аэронавигация әлемі – 2023» симпозиумы

Салынған уақыты 04.09.2023 15:48

2023 жылдың 28-31 тамызы аралығында Канаданың Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде «Аэронавигация әлемі - 2023» Симпозиумы өтті.

ИКАО-ның бұл іс-шарасы ұшу тиімділігі мен қауіпсіздігі арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ете отырып, Ұйымның инновациялық және тұрақты тәсілін жетілдіру үшін мүдделі тараптардың аналитикалық бағаларын алу мақсатында «Ертеңгі күннің аспаны: аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі саласындағы негізгі мәселелер мен технологияларды қарастыру» тақырыбына арналды.

Бұл іс-шараның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі авиациялық қауымдастықтың болжалдарына сәйкес авиациялық жүйенің эволюциясын қолдайтын болашақ технологиялар мен процедураларды талқылау болды. Қазіргі уақытта авиация саласы жаһандық пандемиядан кейін қалпына келу кезеңін кешуде, бұл бірқатар серпінді дамып келе жатқан авиациялық қызмет түрлері ауқымының өсуіне деген үмітті оятады. Сонымен бірге, ИКАО-ға мүше мемлекеттер 2050 жылға қарай халықаралық авиацияда көміртегі шығарындыларын тиімді жою бойынша ұзақмерзімді жаһандық қалаулы мақсатты қабылдады. Бұл мақсатқа қол жеткізуге техникалық және операциялық жаңалықтар айтарлықтай үлес қосады және халықаралық авиациядағы саясатты әзірлеу мен шешім қабылдау процестеріне маңызды әсерін тигізеді деп болжануда. Бұдан басқа, бұл іс-шара барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде үкіметтер мен саланың аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді жедел қолдануы мен енгізуі мәселелерін ашық талқылау үшін дер кезінде туындап отырған мүмкіндік болмақ. Осы іс-шарамен қатар қолданыстағы және әзірленіп жатқан технологиялардың, соның ішінде енгізілген шешімдердің салалық көрмесі өткізілетін болады.

983