ruenkz

Атырау филиалында ILS/DME NORMARC 7000B жаңа қону жүйесі

Салынған уақыты 04.09.2023 15:22

«Қазаэронавигация» РМК-ның даму бағдарламасы мен инвестициялық жоспарын іске асыру аясында 2023 жылдың 23 тамызы күні «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында ILS/DME NORMARC 7000B жаңа қону жүйесі жабдығы қабылдау-тапсыру, жер үстінде және ұшуда тексеру сынақтары сәтті өткізілгеннен кейін пайдалануға берілді. Indra Navia As компаниясының өкілдері РТЖБП қызметінің персоналын арнайы дайындықтан өткізді. Бес маман NORMARC 7000B жабдыққа техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша сертификаттар алды.

 

251