Fly Arystan бюджеттік қазақстандық авиакомпаниясы Алматыдан Делиге тікелей тұрақты рейстердің іске қосылғаны туралы хабарлады
Салынған уақыты 25.08.2023 16:23
Fly Arystan бюджеттік қазақстандық авиакомпаниясы Алматыдан Делиге тікелей тұрақты рейстердің іске қосылғаны туралы хабарлады. Қазақстанның ірі қаласынан Үндістан астанасына алғашқы рейс 2023 жылғы 24 қыркүйекте орындалуға тиіс.
Алматыдан Делиге ұшатын рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшақ Алматыдан жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 01:30-да ұшып, Индира Ганди әуежайына таңғы сағат 04:25-те қонады. Қайтар жолға ұшақ таңғы сағат 05:25-те ұшып шығып, Қазақстанға сағат 09:10-да оралады. Жол жүру уақыты шамамен 3 жарым сағатты құрайды.
213