Алдымен істі тындырсаң, кім ұрысар, сосын қыдырсаң?!
Салынған уақыты 16.08.2023 09:11
Ұжымның корпоративтік ұйымшылдығын қолдау және психологиялық тұрғыдан жеңілдету шеңберінде, сондай-ақ қызметкерлерді кәсіпорынның жоспарларын орындауға ынталандыру үшін Павлодар филиалының кәсіподақ комитетінің активі демалыс аймағына баруды ұйымдастырды.
Филиал қызметкерлері барлық конкурстар мен ойындарға, спорттық және зияткерлік ойындарға қатысуға қуанышты болды, ешкім шетте тұрған жоқ. Тимбилдингке қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алды. Іс-шараға әртүрлі қызметтер мен бөлімдердің бір-бірінен әртүрлі тапсырмаларды орындайтын қызметкерлері қатысты. Бірлескен белсенді демалыс әріптестеріне сабақтас қызмет мамандарының жұмысы туралы көбірек білуге, сондай-ақ ортақ жеке мүдделер үшін достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
363