ruenkz

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл филиалының РТЖБП қызметінде Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және электр байланыс жабдығына техникалық қызмет көрсететін инженерлердің жұмысын автоматтандырылған бақылау және жедел есепке алу жүйесін (АБЖЕЖ) – ИНФРА

Салынған уақыты 25.06.2018 11:42

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл филиалының РТЖБП қызметінде Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және электр байланыс жабдығына техникалық қызмет көрсететін инженерлердің жұмысын автоматтандырылған бақылау және жедел есепке алу жүйесін (АБЖЕЖ) – ИНФРАҚҰРЫЛЫМ-АБЖЕЖ пайдалануға беру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар өткізілді.

ҰРТҚ және байланыс жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша маңызды іс-шара. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді сапалы жүргізу кезеңділікті сақтауға, пайдаланылатын материалдар, құрамдас бөліктер, элементтерге және мамандардың даярлық деңгейіне байланысты.

Қазіргі ақпараттық технологиялар заманы радиоэлектрондық жабдықты пайдалану мамандарының білім деңгейін тұрақты арттырып отыруды, жаңа техникалар мен технологияларды енгізуді талап етеді. Демек, жаңа цифрлық технологияларға көшу «Қазаэронавигация» РМК-ның басты міндеті.

Бақылау және жедел есепке алу жүйесін енгізуді «Қазаэронавигация» РМК Орталық аппараты 2017 жылы «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалынан бастаған болатын. РТЖБП қызметінің мамандары нормативтік құжаттама мен техникалық қызметкерлердің талаптарына бейімдеу үшін түзетулер енгізіп, бұл жүйені бір жыл бойы жетілдірді. Сынақтардан сәтті өткеннен кейін бұл жүйені «Қазаэронавигация» РМК-ның барлық филиалдарында енгізу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні жүйе «Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО» мен «Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ ӨО» филиалдарында орнатылған.

Бұл жүйені қолдану филиал пайдаланатын радиотехникалық жабдыққа техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін есепке алуды, бақылауды, мониторинг және талдау жүргізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жабдыққа және оның параметрлеріне тікелей мониторинг жүргізу радиотехнологияны (RFID) қолдануға негізделген.

Бұл жүйенің жұмыс істеуінің басты міндеті ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді ұтымды пайдалану, оларды жүргізу уақытын қатаң сақтау, сондай-ақ жабдықтың әрбір түрі (үлгісі) бойынша деректер базасын жинақтау, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін радиотехникалық жабдықтың бұзылу және істен шығу жағдайларын азайту мақсатында жөндеу жұмыстарының тарихын қадағалау.

Жамбыл филиалының РТЖБП қызметінің персоналы енгізілетін АБЖЕЖ жабдығының тиімділігін байқап, оған үлкен қызығушылық танытты. Заманауи технологияларды қолдану келешекте пайдалану-техникалық құжаттаманы қағаз тасығыштарда жүргізуді азайтып, ҰРТҚ және байланыс жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жоспарын дұрыс жасауға мүмкіндік береді.

 

1628