Қарағанды филиалындағы бос орындар жәрмеңкесі
Салынған уақыты 10.08.2023 13:33
2023 жылғы 09 тамызда Қарағанды филиалының жұмыскерлері Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкеге келген жастарға «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалы «Жезқазған» алыс жердегі орны бойынша бос лауазымдар туралы ақпарат айтылды.
Қатысушылар тарапынан әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі, радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі, метеорологиялық қызметтегі бос лауазымдарға қызығушылық болды.
Сонымен қатар, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін іріктеу бойынша тестілеу және бастапқы даярлау курсын оқыту конкурсы туралы кеңінен баяндалып, қатысушаларға толық мағлұмат жазылған буклет таратылды.
Әлеуметтік желілерде, атап айтсақ zhezkazgan_mansap_ortalygy және ctm_karaganda инстаграм парақшаларына жоғарыда аталған мағлұмат жарияланды.
417