ruenkz

IATA: дүние жүзіндегі жүк тасымалы маусым айында 3,4%-ке қысқарды

Салынған уақыты 08.08.2023 11:58

Маусым айында әлемдегі жүк авиатасымалдарының көлемі жылдық мәнде 3,4%-ке қысқарды, деп хабарлады Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA)

IATA атап өткендей, бұл 2022 жылдың ақпанынан бергі ең аз жылдық төмендеу болды. Бірінші жартыжылдықта әлемде жүк авиатасымалдарының көлемі 2022 жылғы қаңтар-маусым көрсеткішімен салыстырғанда 8,1%-ке азайды.

2019 жылғы маусыммен салыстырғанда көрсеткіш 2,4%-ке төмендеді. Сонымен қатар, халықаралық жүк авиатасымалдарының көлемі 2019 жылдың маусымына қарай 3,2%-ке және өткен жылдың маусымына қарай 3,7%-ке төмендеді.

Әуе жүктерінің ең көп төмендеуі Солтүстік Америка елдерінде — 6,5%-ке, Азия-Тынық мұхиты аймағында көрсеткіш 3,6%-ке, Африка мен Еуропада – 2,8%-ке қысқарды. Латын Америкасында бұл көрсеткіш 7,3%-ке, Таяу Шығыс елдерінде – 0,5%-ке өсті.

 

1253