ruenkz

Әуе кеңістігін кластарға бөлу принциптері

Салынған уақыты 22.06.2018 08:00

Әуе кеңістігін кластарға бөлу принциптері

 «Қазаэронавигация» РМК Шымкент филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын жасау және енгізу жоспарына» сәйкес Шымкент ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігі құрылымының жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың ең маңызды құрамдас бөлігі әуе кеңістігі құрылымының элементтерін кластарға бөлу болып табылады. Әуе кеңістігінің кластары негізінен қауіпсіз әуе қозғалысын қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мен әуе кемелерінің экипаждары арасындағы жауапкершілікті бөлумен өзара ерекшеленеді. Әуе кеңістігінің таңдалған класына қарай оның әрбір элементінің шекарасында әуе қозғалысына қызмет көрсетудің үш түрінің қайсысы (диспетчерлік қызмет көрсету, ұшу ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабарландыру) ұсынылатыны айқындалады. Бұл ретте әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары әуе кеңістігінің пайдаланушыларымен тығыз жұмыс істейді және кластарға бөлу бойынша қолданылатын жетекші халықаралық практиканы басшылыққа алады.

Әуе кеңістігін кластарға бөлу туралы шешім қабылдау кезінде ескерілетін негізгі факторлар:

  • әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсетуге деген қажеттіліктері;
  • әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мүмкіндіктері.

Әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде сол немесе өзге класты белгілеудегі қажеттіліктерін сипаттайтын көрсеткіштер – авиация саласын тұтастай дамыту үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру және ұшу қауіпсіздігінің белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін талаптарды орындау болып табылады. Бұл талаптар бірігіп көрсеткіштердің келесі жүйесін құрады:

  • ұшуды эшелондау қажеттігі;
  • диспетчерлік немесе ұшу ақпараттық қызмет көрсету қажеттігі;
  • ұшуды жоспарлау қажеттігі;
  • мемлекеттік шекара ауданында болуына байланысты ұшуды бақылау қажеттігі;
  • байланыс құралдарымен, радионавигациялық жабдықпен және борттағы екіжақты жауап бергіштермен жабдықталмаған ұшу аппараттарында ұшуды орындау қажеттігі.

Аталған барлық талаптарды мейлінше қанағаттандыру әуе қозғалысына қызмет көрсету органының негізгі мақсаты болуға тиіс.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мүмкіндіктері «жер – әуе», навигация және бақылау бойынша әуе кеңістігінің ең төменгі сипаттамаларымен анықталады, олар әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында қамтамасыз етілуі мүмкін. Әуе қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мұндай жауапкершілікпен айқындалатын функцияларды орындау мүмкіндігіне қарай жүктелуге тиіс.

Әуе кеңістігінің белгілі ауданына класс беру үшін оны таңдау процедурасы әуе қозғалысына қызмет көрсету органының әуе қозғалысының берілген сипаттамаларын қамтамасыз ету кезінде тиісті қызмет деңгейін ұсынудың әлеуетті мүмкіндіктерін салыстыруға негізделген болуы тиіс.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мүмкіндіктері пайдаланушылардың қажеттіліктерімен сәйкес келген жағдайда класс беру процедурасы өте жеңіл болады, өйткені әуе кеңістігінің қажетті класы бірдей дерлік анықталады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мүмкіндіктері пайдаланушылардың қажеттіліктерінен жоғары болған жағдайда, класты таңдау пайдаланушылардың қажеттіліктері шегінде жүзеге асырылады.

Ал, әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мүмкіндіктері пайдаланушылардың қажеттіліктерінен төмен болған жағдайда, класс қолда бар мүмкіндіктер шегінде анықталады. Бұл нұсқа пайдаланушылардың қажеттіліктерін уақытша шектеумен сипатталады.

1657