ruenkz

Зейнет демалысына шығарып салу

Салынған уақыты 21.07.2023 09:01

2023 жылғы 14 шілдеде «Қазаэронавигация» РМК Орал филиалында радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану қызметінің қызметкері А.Н. Болдыревты зейнет демалысына шығарып салуға орай ұйымдастырылған салтанатты шара өткізілді.

Орал филиалының директоры ұжым атынан филиалда 1995 жылдан бері филиалда жұмыс жасаған Александр Николаевич Болдыревты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Еңбек еткен жылдар барысында Александр Николаевич әріптестерінің құрметіне ие болды, өзін жауапкершілікті сезінетін, ұқыпты қызметкер екенін көрсетті.

Әкімшіліктің және кәсіподақ комитетінің атынан естелік-сыйлық пен алғыс хат табысталды.

455