«Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында жаңа жабдық енгізілді
Салынған уақыты 18.07.2023 10:24
2023 жылы «Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында ескірген модельдерді алмастыратын жаңа жабдық енгізілді. 8 маусымнан бастап әуеайлақтық шолу диспетчерлік радиолокатордың (ДРЛ-7СМ) орнына MORAVA 10/M10S/ADS-B радиолокациялық кешені пайдалануға берілді. S-диапазонындағы әуеайлақтық бастапқы радиолокатор, S режимі және ADS-B жабдығы бар МВРЛ әуеайлақ аймағында бастапқы арна бойынша, сондай-ақ әуе трассаларында және әуеайлақ ауданында A/C/S және ADS-B режимдерінде жұмыс істейтін қайталама арна бойынша радиолокациялық бақылауды қамтамасыз етеді.
29 маусымнан бастап ӘҚБ диспетчерлерінің автоматтандырылған жұмыс орнының орнына (АЖО-А синтезі) Phoenix әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру жүйелерінің заманауи кешені енгізілді. Әуе қозғалысын басқару жүйесі бастапқы және қайталама радиолокаторлардан, ADS-B құралдарынан, Автоматты радиопеленгатордан, ұшу жоспарлары туралы ақпараттан және метеоақпараттан ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және көрсету негізінде әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалысын автоматтандырылған басқаруға арналған.
Жаңа жабдық әуе қозғалысын бақылау және басқару жүйелерінің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған жаңғырту бағдарламасы аясында орнатылды. Жаңа жабдықты енгізудің арқасында Петропавл филиалы өз қызметін жедел және тиімді жүзеге асыра алады, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
570