ruenkz

Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастық форумы

Салынған уақыты 18.06.2018 08:52

Әуежай –  бұл қала келбеті, бұл Қазақстанның солтүстік қақпасы Петропавл қаласына келгенде қонақтың алғаш көретіні. 2014-2017 жылдары әуежайға, оның ішінде аэробекет ғимаратын реконструкциялау, ұшу-қону жолағын, перронды жөндеу мен ұзарту, жарық-сигнал жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы Петропавлда мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастық форумы өткізіледі. Осы орайда филиалдың алдына қойған міндеттері үлкен. Филиалдың ғимаратын, мұнараны және басқа да объектілерді жаңарту жұмыстарын жүргізу көзделген. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқтау жоспарланып отыр.

Бірақ, ең басты міндет  – бұл осы уақытта Петропавлға ұшып келетін рейстерге сапалы қызмет көрсету. Осы кезеңде әуе қозғалысына, оның ішінде мемлекет басшыларының рейстеріне қызмет көрсету бойынша ӘҚҚ және РТЖБП жеке құрамын даярлау бағдарламасы әзірленіп, енгізілуде.

Біз сайтымыздың оқырмандарына Петропавлда халықаралық кездесу өткізуге даярлық іс-шаралары туралы хабарлап отыратын боламыз.

1694