ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК филиалдарында 15 маусымда өртке қарсы оқу жаттығулары өткізілді

Салынған уақыты 18.06.2018 08:46

«Қазаэронавигация» РМК филиалдарында 15 маусымда

өртке қарсы оқу жаттығулары өткізілді

«Қазаэронавигация» РМК Қостанай, Орал, Ақтау, Павлодар және Қарағанды филиалдарында 15 маусымда персоналды көшіру және шартты өрт сөндіру бойынша өртке қарсы оқу жаттығулары өткізілді.

Оқу жаттығуды өткізудің басты мақсаты өртке қатысты жұмыс жүргізуде қателіктерді жою бойынша, сондай-ақ адамдарды көшіру, өрттің жайылуының алдын алу, жою және көшіру бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін қажетті персоналдың даярлығын заманға сай кәсіби деңгейге жеткізу болып табылады. ӘҚҚ қызметінің кезекші ауысымының төтенше оқиғалар орын алған жағдайда резервтік жұмыс орнына көшуге дайындығы.

Iс-шаралар бекітілген жатығу өткізу жоспарына сәйкес жүргізілді. Дайындық барысында барлық санаттағы қызметкерлемрен теориялық сабақтар жүргізілді және филиалдардың КДП ғимараттарында автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелері тексерілді.

          Жаттығу аяқталғаннан кейін талдау жүргізіліп, жаттығу жалпы нәтиже көрсеткені атап өтілді, автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылды, жаттығудың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілді.

850