ruenkz

Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды

Салынған уақыты 04.07.2023 14:07

Aғымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды.

Рейстер "SCAT" әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.

Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

 

280