ruenkz

Авиациядағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі екінші жаһандық саммит

Салынған уақыты 01.07.2023 13:59

ИКАО Испания Үкіметімен бірлесіп 2023 жылдың 5-7 шілдесінде Испанияның Мадрид қаласында авиацияда гендерлік теңдік мәселелері бойынша екінші жаһандық авиациялық саммит өткізеді.

Саммит жаһандық авиация секторында гендерлік теңдікті және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді насихаттауға және ілгерілетуге бірегей мүмкіндік береді. Ол әуе көлігінің жаһандық қауымдастығын жоғары мамандандырылған сектордағы гендерлік теңдікті жеделдету бойынша нақты шараларды анықтауға және осы әрекеттерді үйлестіру мен жүзеге асыруды қолдау мақсатында серіктестік қатынастар орнатуға жұмылдыратын болады.

Саммитке гендерлік проблемаға байланысты білім беру, еңбек, сыртқы және ішкі істер салаларындағы жоғары лауазымды тұлғалар қатысады. Саммитке сондай-ақ Азаматтық авиацияның бас директорлары, азаматтық авиация органдарында, әуежайларда, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілерде, авиация саласында, авиациялық қауымдастықтарда, БҰҰ-да және халықаралық ұйымдарда, ғылыми үйірмелер мен оқу орындарында шешім қабылдайтын бас лауазымды тұлғалар мен тұлғалар қатысады.

1007