Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалы туралы меморандумға қол қойды
Салынған уақыты 30.06.2023 10:29
Келісімге сәйкес, Астана арқылы апта сайынғы транзиттік рейстердің санын үш есеге арттыру жоспарлануда.
Астана халықаралық әуежайында Cargolux жүк әуе компаниясының 77-ші рейсінің кездесуі өтті. Халықаралық дәстүр бойынша қонған ұшақ су аркасынан өткізілген.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Люксембург Сыртқы және Еуропа істері министрі Жан Ассельборн, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов пен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов қатысты, сондай-ақ Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Cargolux басшылығы.
Осы іс-шара аясында «Қазаэронавигация» РМК, Cargolux және «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Cargolux Airlines International S.A. 1970 жылы Люксембургте құрылған. Бұл 30 Boeing 747 ұшағын басқаратын және әлемнің 50-ден астам бағытына ұшатын Еуропаның ең ірі жүк тасымалдаушысы. Компанияның 75 кеңсесінде 2,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
1107