ruenkz

«TEMIRADAM» кубогінің ІІ кезеңі

Салынған уақыты 21.06.2023 11:34

17-18 маусымда Көкшетау қаласында триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты және «TEMIRADAM» кубогінің II кезеңі өтті.

Триатлон жарысы үш кезеңнен тұратын стандартты арақашықтықта (олимпийка) өтті: жүзу – 1500 метр, 40 шақырымға веложарыс, 10 шақырымға жүгіру. Триатлон бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына  200-ден астам адам қатысты.

«TEMIRADAM» кубогінің II кезеңінің жарыстарына «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Х.А. Сераев қатысып, өзінің М 60-64 жас санатында құрметті екінші орынды иеленді.

Көкшетау филиалының ұжымы шетте қалмай, Хамет Альбертұлын қолдауға келді. Хамет Альбертұлы өзінің спорттық жетістіктерімен кәсіпорын жастарына үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Хамет Альбертұлын кезекті жеңісімен құттықтай отырып, спортта жетістік, бойына жігер және спорттық көңіл-күй тілейміз.

 

356