ruenkz

Деректер қорын басқаруды жетілдіру және графикалық ақпаратты көрсету үрдісін автоматтандыру

Салынған уақыты 18.06.2018 15:48

«R.I.S.K.» ҒӨК ЖАҚ» компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы ұшу тәртібі мен картаға түсіруді әзірлеу жөніндегі бағдарламалық жасақтаманы (бұдан әрі – БЖ) «Қазаэронавигация» РМК-ға жеткізеді.

Аэронавигациялық ақпаратты басқару жөніндегі департаменттің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері үшін жаңа технологияларды және жұмыс әдістерін меңгеру қажеттілігі шараларын техникалық қолдау аясында өнім беруші Баку қаласында (Әзірбайжан) біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

14-25 мамыр аралығында және 28 мамырдан 8 маусымға дейінгі кезеңде тиісінше Департамент қызметкерлерінің екі тобы үшін кезекті оқыту өткізілді.

Оқыту мақсаты деректер қорын басқаруды жетілдіру және графикалық ақпаратты көрсету үрдісін автоматтандыру болып табылады. Курс бағдарламасы екі аптаға есептелген және БЖ жаңа мүмкіндіктерін үйрену, TOSSM деректер қорын басқару жөніндегі бағдарламаны меңгеру, SIGMA картографиялық модульдегі жұмыстың тәжірибелік дағдысын алуды қамтиды.

Курстардың барысында негізгі тапсырмалармен қатар, ұшу тәртібін құру мен қажетті деректерді жинау үрдісін жақсарту жөніндегі ағымдағы мәселелерді шешуге назар аударылды. Бағдарламаларды жасаушылар тікелей сабақты өткізді.

Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

798