Шымкент филиалының «ГИС Метео» бағдарламалық кешенінің жұмысы туралы
Салынған уақыты 18.06.2018 15:31
Шымкент филиалының
«ГИС Метео» бағдарламалық кешенінің
жұмысы туралы
2017 жылдың соңында «Қазаэронавигация» РМК Шымкент филиалының метеорологиялық қызметіне «Научно-производственный центр «Мэп Мейкер» ЖШҚ маманы «ГИС Метео» бағдарламалық кешенін орнатып берді. «ГИС Метео – АРМ Синоптик» синоптигінің жұмыс орнын пайдалану мәселелері бойынша мамандарды оқытуды жүргізді.
Microsoft Windows (ГИС Метео) саласындағы бағдарламалық кешеннің не екені туралы айтып өтсек... Біріншіден – бұл дербес компьютерде метеорологиялық карталарды әзірлеуге, өңдеуге және құжаттауға арналған метеорологтың әмбебап аспабы. ГИС Метео бағдарламалық кешені метеорологтардың жедел жұмысын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ әуежайлардың, әуеайлақтардың және Әуе қозғалысын басқару орталықтарының метеоқызметтерінде қолданылады.
ГИС Метео:
1) кез келген аумақ картасының географиялық негізін әзірлеуге;
2) деректер қорынан метеорологиялық параметрлерді таңдап, оларды түрлі формада (мәндер, изосызық, түрлі түсті алаң) картаға салуға;
3) картада тұтас сызықтар мен басқа типті сызықтады салуға;
4) нақты және болжамды деректер бойынша картаға траекториялы модельді салуға;
5) картадағы сүйемелдейтін мәтінді қалыптастыруға;
6) картаға қала аттарын және/немесе метеостанциялардың индекстерін жазуға;
7) бір картаға түрлі деректерді жазуға;
8) одан кейінгі жұмыстарда қолдану үшін әзірленген бланкілер мен карталарды есте сақтауға;
9) берілген тәртіп бойынша автоматты түрде карталарды жасауға;
10) қолданыстағы метеорологиялық карталарды дисплей экранынан қарауға;
11) қарталарды басып шығару құрылғыларға жіберуге мүмкіндік береді.
Бұның бәрі метеоролог мамандарға қойылатын талаптарға жауап беретін ауа айналымы мен ауа райының жоғары тиімді және жедел талдауларын және болжамын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
1701