ruenkz

Мемлекеттер ИКАО желісі бойынша көрсетілетін енгізуді қолдауды кеңейту арқылы ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздіктің және авиацияның тұрақтылығы деңгейін арттыруға келісті

Салынған уақыты 16.06.2023 16:59

 

Өткен аптада Сеулде өткен ИКАО-ның жаһандық енгізуді қолдау жөніндегі Симпозиумының (GISS) негізгі қорытындылары министрлер деңгейінде әуе көлігінің жаһандық желісін қауіпсіз, сенімді және орнықты дамыту үшін ИКАО-ның стандарттары мен стратегияларының негізгі маңыздылығын, сондай-ақ оларды енгізуде ИКАО желісі бойынша көрсетілетін қолдаудың негізгі рөлін растауды қамтиды.

Осы іс-шарада министрлер деңгейінде өткен дөңгелек үстел отырысына қатысқан он үш мемлекет ИКАО-ның осы салада жетілдірілген өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ИКАО тарапынан қолдаудың басым бағыттарының бірі ретінде тұрақты өндірілетін авиациялық отын түрлерін (SAF) енгізуді айқындады.

Осыған байланысты министрлер ИКАО тарапынан қаржылық бастамаларды жүзеге асыруға көрсетілген көмекті ұйымдар бүкіл әлемде SAF жаңа технологияларына қолжетімділікті кеңейту үшін қабылдауға тиіс ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шаралардың бірі ретінде қарастыруда.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы ИКАО мен 50 елдің өкілдері арасындағы белсенді және нәтижелі талқылауға негізделді, оның барысында олардың бірінші кезектегі қажеттіліктерін бағалауға және ұйым тарапынан енгізуді қолдау туралы ұсыныстарды дайындауға баса назар аударылды. Бұл жұмыс ИКАО мен қатысушы үкіметтер арасында енгізуді қолдау туралы 13 екіжақты келісімге қол қоюмен аяқталды және жақын арада жаңа келісімдер жасауға негіз қалауға мүмкіндік берді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам мүдделі тараптар қатысқан осы үш күндік іс-шараның қорытындысы бойынша ИКАО әлеуетті арттыру мәселелерінде халықаралық авиация қауымдастығымен одан да тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл GISS барысында ИКАО-ның осы салада қызмет көрсететін бөлімшесінің жаңа атауы туралы хабарландыруда айтылды, және жақын арада ол Әлеуетті арттыру және енгізу мәселелері жөніндегі басқарма болып өзгертіледі.

 

 

1264