ӘҚБ жөніндегі Жаһандық Саммит пен CANSO мүшелерінің 27-ші жыл сайынғы кеңесі
Салынған уақыты 15.06.2023 10:23
«Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов ағымдағы жылғы 7-9 маусым аралығында Берлинде (Германия) өткен ӘҚБ жөніндегі Жаһандық Саммит пен CANSO мүшелерінің жиырма жетінші жыл сайынғы кеңесіне қатысты.
ӘҚҰ жөніндегі Жаһандық саммит халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының басшыларын, аэронавигациялық қызмет провайдерлерін, авиациялық жабдықтарды жеткізушілерді және саланың әртүрлі секторларының мамандарын тарта отырып, ынтымақтастық, инновация және тәжірибе алмасу үшін маңызды платформа ретінде жұмыс істейді.
Іс-шара әуе қозғалысын басқарудағы және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі соңғы тенденциялармен танысу мақсатында танымал сарапшылар мен бастамашылар ұсынған панельдік пікірталастардан, семинарлардан және презентациялардан тұратын кең бағдарламаны қамтыды.
Панельдік сессиялардың негізгі тақырыптары авиациялық тиімділік, маршруттардың жүктемесінің артуы және өткізу қабілеті, азаматтық-әскери ынтымақтастық, сондай-ақ саланың тұрақты дамуы болды.
Саммит жұмысынан кейін алдағы бес жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және ұйымның жұмысын үйлестіру мақсатында CANSO-ның толыққанды және қауымдастырылған мүшелерінің жыл сайынғы жиналысы өтті.
1303