ruenkz

ЕУРОБАҚЫЛАУ және ИКАО бүкіл әлемде әуе кемелерін қадағалауды жақсарту мақсатында ынтымақтастықты нығайтпақ

Салынған уақыты 13.06.2023 14:41

ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза және Еуробақылаудың бас директоры Рауль Медина мырза ұшу қауіпсіздігі үшін маңызды мәселе болып табылатын апатқа ұшыраған әуе кемелерін бақылау мәселесі бойынша осы екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Олар Еуробақылау алдында апатқа ұшыраған әуе кемелерінің орналасқан жері туралы деректер қоймасын (LADR) және жедел бақылау каталогін (OPS CTRL) құру мен желіге кіру міндеті қойылған құжаттарға қол қойды. Бұл екі өнім де апатқа ұшыраған әуе кемесі анықталған жағдайда барлық зардап шеккен субъектілердің іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады, бұл ретте құтқару операцияларын уақытылы бастау мақсатында әуе кемелерін қадағалауды күшейту мен ұшу кезінде авариялық жағдайларды анықтау сияқты түпкі міндетке қол жеткізуге ықпал етеді.

LADR әуе кемелерінің бортында орнатылған төтенше жағдайларды анықтауға арналған автономды бақылау жабдықтарын, сондай-ақ әуе кемелерінің соңғы белгілі орны туралы ақпарат жинау және осындай ақпаратпен алмасу үшін жетілдірілген жүйелер мен процедураларды қамтитын жаһандық апат туралы ескерту және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің (gadss) бөлігі болып табылады. OPS CTRL әуе кемелерін пайдаланушылар, аэронавигациялық қызмет көрсетушілер және іздестіруу-құтқару үйлестіру орталықтары арасында ақпарат алмасуға ықпалын тигізеді.

1517