ruenkz

Балалар – өмірдің гүлі

Салынған уақыты 18.06.2018 11:48

Балалар – өмірдің гүлі

2018 жылғы 2 маусымда Кәсіподақ комитеті Павлодар филиалының әкімшілігімен бірлесіп, филиал қызметкерлерінің балалары үшін экскурсия ұйымдастырды.  Бұл шара Халықаралық балаларды қорғау мерекесін тойлау қарсаңында өткізілді. Әс-шараға 44 бала қатысты.

Балалар үшін әуеайлаққа бару, Ан2 ұшағының, Ми8 және ЕС45 тікұшақтарының штурвалына отыру, ұшу аппараттарының сипаттамалары, іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз етудегі әуе кемелерінің, санитарлық авиацияның рөлі туралы шолу дәрісін тыңдау, «Мұнара» диспетчерлік пунктінде  авиадиспетчердің жұмысын тікелей бақылау мүмкіндігі жасалды. Балалар әуеайлақтағы ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуге арналған жабдық орнатылған командалық диспетчерлік пунктінің желілік-аппараттық залында болып қайтты.

Экскурсиядан кейін блаларды сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері, сабынды көбікпен орындалған қойылым күтіп түрды. Мерекенің соңында балалар тәттілермен шай ішті.

Келешекте осы балалардың бірі болмаса бірі авиациямен байланысты мамандықты таңдауы әбден мүмкін.

865