«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Өзбекстанның Самарқанд қаласында авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды енгізу бойынша ИКАО семинарына қатысты
Салынған уақыты 09.06.2023 15:57
«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Өзбекстанның Самарқанд қаласында 2023 жылғы 5-7 маусым аралығында өткен авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды енгізу бойынша ИКАО семинарына (EASPG LPRI TF/42) қатысты.
Семинардың мақсаты мүдделі тараптардың, яғни реттеуші органдар, уәкілетті органдар, оқу ұйымдары, әуе кеңістігін пайдаланушылар, ИКАО-ның түрлі іс-шаралары арқылы тестілеу қызметтерін көрсетушілер арасында ұшу қауіпсіздігіне байланысты тілдік проблемалар туралы ақпаратты арттыру болды.
Семинарға ИКАО өкілдерінен басқа EASA, IATA, IAOPA, ICAEA, әртүрлі елдердің САА өкілдері, сондай-ақ ұшқыштар, авиадиспетчерлер, рейтерлер мен емтихан алушылар қатысты.
1478