«Қазаэронавигация» РМК делегациясы ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және орнықтылық саласындағы іс-шараларды енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі екінші симпозиумына қатысады
Салынған уақыты 31.05.2023 11:59
30 мамыр мен 1 маусым аралығында Сеул қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі ұйымдастырған (GISS) енгізуді қолдау жөніндегі екінші жаһандық симпозиум өтеді.
Іс-шара Ұйымның соңғы цифрлық құралдарымен, авиациялық тұрақтылықты, инновациялар мен операциялық шешімдерді қолдау жөніндегі негізгі бастамалармен және бірлескен іс-қимылмен таныстыру мақсатында ИКАО дүниежүзілік авиациялық форумын (IWAF), Авиациялық ынтымақтастық жөніндегі жаһандық симпозиум (GACS) мен Авиациялық даярлық және TRAINAIR PLUS жөніндегі жаһандық симпозиумды біріктіріп отыр. Бұл тақырыптар, сонымен қатар, БҰҰ-дың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде көрсетілген Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қолдау жөніндегі ИКАО жобасы мен ИКАО-ның «Ешбір ел назардан тыс қалмайды» (NCLB) бастамасы аясында талқыланады.
Осы симпозиумға «Қазаэронавигация» РМК атынан басқарушы директор Қарлығаш Ғазизқызы Какен және Кәсіби дайындау орталығының өкілдері қатысуда.
Симпозиумның бірінші күні 2020 жылдан бері «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы мүшесі болып табылатын TRAINAIR PLUS Басқарушы комитетінің отырысы өтті.
Симпозиум аясында «Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің ICAO TRAINAIR PLUS кеңсесінің басшылығымен, Инчхон әуежайының авиациялық академиясымен, Сингапур Авиация Академиясымен және TRAINAIR PLUS бағдарламасының басқа қатысушыларымен және серіктестерімен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.
Симпозиум, сонымен қатар қазіргі және әлеуетті техникалық ынтымақтастық серіктестерін, TRAINAIR PLUS (TPP) бағдарламасына қатысушыларды және саланың басқа да мүдделі тараптарын, соның ішінде: министрліктерді, авиациялық әкімшіліктерді, халықаралық және аймақтық ұйымдарды, авиациялық қызметтерді көрсетушілерді, әуежай операторларын, авиакомпанияларды, қаржы және академиялық мекемелерді біріктіру алаңы ретінде жұмыс істейді.
1377