ruenkz

ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және тұрақтылық саласындағы іс-шараларды енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі екінші симпозиумы

Салынған уақыты 29.05.2023 15:35

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Сеул қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі ұйымдастырған (GISS) енгізуді қолдау жөніндегі екінші жаһандық симпозиум өтеді. 

Іс-шара Ұйымның соңғы цифрлық құралдарымен, авиациялық тұрақтылықты, инновациялар мен операциялық шешімдерді қолдау жөніндегі негізгі бастамалармен және бірлескен іс-қимылмен таныстыру мақсатында ИКАО дүниежүзілік авиациялық форумын (IWAF), Авиациялық ынтымақтастық жөніндегі жаһандық симпозиум (GACS) мен Авиациялық даярлық және TRAINAIR PLUS жөніндегі жаһандық симпозиумды біріктіріп отыр. Бұл тақырыптар, сонымен қатар, БҰҰ-дың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде көрсетілген Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қолдау жөніндегі ИКАО жобасы мен ИКАО-ның «Ешбір ел назардан тыс қалмайды» (NCLB) бастамасы аясында талқыланады.

Интерактивті панельдер симпозиум тақырыбына арналады және ИКАО-ға мүше мемлекеттерді ИКАО өз стандарттары мен ұсынымды тәжірибесін (SARPS), сондай-ақ жаһандық, аймақтық және ұлттық авиациялық жоспарларды енгізуді инновациялық қолдау және оқу іс-шаралары арқылы қалай қолдайтынын талқылауды қамтиды.

Симпозиум, сонымен қатар қазіргі және әлеуетті техникалық ынтымақтастық серіктестерін, TRAINAIR PLUS (TPP) бағдарламасына қатысушыларды және саланың басқа да мүдделі тараптарын, соның ішінде: министрліктерді, авиациялық әкімшіліктерді, халықаралық және аймақтық ұйымдарды, авиациялық қызметтерді көрсетушілерді, әуежай операторларын, авиакомпанияларды, қаржы және академиялық мекемелерді біріктіру алаңы ретінде жұмыс істейді.

 

 

1295