ruenkz

Air Cargo Europe 2023

Салынған уақыты 26.05.2023 10:37

Air Cargo Europe 2023

Ағымдағы жылдың 9-12 мамыр аралығында «Қазаэронавигация» РМК өкілдері бас директордың орынбасары        М. Дауталиев пен бас директордың кеңесшісі А. Сұлтанов Air Cargo Europe 2023 (Мюнхен, Германия) ірі әлемдік көрмесіне қатысты.

Air Cargo Europe – бүкіл әлем бойынша сала сарапшылары мен инвестициялық шешім қабылдаушыларды біріктіретін әуе жүк көлігі секторының бизнес платформасы. Іс-шарада жүк авиациясы саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, жаңа байланыстар мен серіктестік қарым-қатынастар орнатылды.

Көрме аясында әлемдік авиакомпаниялармен 20-дан астам кездесу өткізіліп, авиамаршруттар ауқымын дамыту және кеңейту бойынша қазақстандық аэронавигациялық қызмет провайдерінің мүмкіндігі таныстырылды.

 

910