ruenkz

"1-ші Қазақстандық авиациялық диалогта" авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды

Салынған уақыты 25.05.2023 14:28

Астанада "Орталық Азиядағы тұрақты даму және транзиттік әлеутті іске асырудағы энергетикалық өткел" тақырыбындағы 1-ші Қазақстандық авиациялық диалог өтті.

Форумда авиация саласындағы шығарындыларды азайту (Fly Net Zero 2050), Қазақстанда тұрақты авиаотын өндіру мүмкіндіктері, Қазақстанның Jet А-1 маркалы авиаотынға көшуі, геосаяси шиеленіс пен экономикалық санкциялардың Орталық Азияның транзиттік әлеуетін дамытуға әсері мәселелері талқыланды.

Форумның негізгі міндеттерінің бірі - авиаотын нарығындағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу үшін Орталық Азияның авиациялық қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру. Алғашқы Қазақстандық авиациялық диалогтың қорытындылары авиаотын нарығын дамытуға және Қазақстан мен Орталық Азиядағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға қызмет етеді.

Бүгінгі таңда ҚР барлық ірі Мұнай өңдеу зауыттарның халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын JET A-1 маркалы отын өндіруге дайын. Отынның осы түрін пайдалану ҚР әуежайларының жанармай құю кешендеріне сұранысты арттырады және отандық авиация саласына қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Қазақстанға тұрақты баламалы авиаотын (SAF) өндіру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл шетелдік авиатасымалдаушылар үшін отандық әуежайлардың тартымдылығын арттырады (2030 жылдан бастап еуропалық авиатасымалдаушылар SAF-қа ауысады/немесе ішінара ауысады).

Іс-шара аясында қазақстандық және халықаралық авиациялық нарық компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға, сондай-ақ ниет хатқа қол қойылды. Сондай-ақ сала мамандары үшін S&P Global Commodity Insights халықаралық корпорациясының Лондон кеңсесінің өкілдері Platts баға белгілеулерін есептеу әдіснамасымен танысу және оларды авиациялық отынға қолдану бойынша оқыту семинарын.

1535