ruenkz

Үндістандық «IndiGo» лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Салынған уақыты 22.05.2023 11:51

Үндістанның "IndiGo" төмен бюджеттік әуе компаниясы 2023 жылдың 15 тамызынан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуды бастауды жоспарлап отыр.

"IndiGo" әуе акомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:

"IndiGo" - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және болатын 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

1581