ruenkz

Fly Arystan Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады

Салынған уақыты 19.05.2023 15:01

2023 жылғы 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

 

773