ruenkz

Қазақстандық делегация ИКАО іс-шараларына қатысты

Салынған уақыты 17.05.2023 13:54

Қазақстандық делегация ИКАО іс-шараларына қатысты.

1-5 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен екі аса маңызды іс-шара өткізілді:

- Аэронавигациялық қызмет көрсету саласында ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын енгізуге жәрдемдесу жөніндегі ИКАО арнайы тобының 6-кеңесі (Air Navigation Services Implementation Support Group);

- ұшуды ұйымдастыру және пилотсыз авиациялық жүйелерді бөлінбеген әуе кеңістігіне және қалалық аэромобильділікке біріктіру мәселелері бойынша арнайы семинар (Unmanned Aircraft Systems Traffic Management (UTM), U-Space, Urban Air Mobility Workshop).

«Қазаэронавигация» РМК өкілі Қайрат Тіленшиннің төрағалығымен өткен жиынға ICAO халықаралық азаматтық авиация ұйымының, Eurocontrol аэронавигация қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық ұйымның, IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының, FAA АҚШ Азаматтық авиация федералдық әкімшілігінің, аэронавигациялық қызмет көрсетудің халықаралық азаматтық кәсіпорындар ұйымының, «Ұшу қауіпсіздігі» халықаралық консультативтік-талдау агенттігінің, «РТС Курсир» ғылыми-өндірістік бірлестіктің, Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасының өкілдері қатысты. Барлығы 50-ге жуық адам.

ИКАО отырысында келесі мәселелер қаралды:

- Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияның қосымшаларына бекітілген және ұсынылатын түзетулер туралы ИКАО еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының ақпараттық хабарламалары және ұшу ережелері мен аэронавигациялық қызмет көрсетуді регламенттейтін ИКАО құжаттары;

- Еуробақылаудың авиациялық оқиғалары туралы ерікті хабарламаларды талдау негізінде жиналған толық ақпарат және статистикалық деректер (Eurocontrol Voluntary Air Traffic Management Incident Reporting);

- әуе қозғалысын ұйымдастыру, аэронавигациялық ақпаратты басқару, ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету, ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету, әуеайлақ операцияларын ұйымдастыру, авиациялық іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру саласындағы елеулі операциялық жетілдірулер туралы мемлекеттердің есептері;

- ұлттық, өңірлік және өңіраралық деңгейлердегі өзара іс-қимыл және функционалдық үйлесімділік мәселелері;

- және басқалар.

Самарқандтағы ИКАО кеңесі мен арнайы семинары ASBU авиациялық жүйесін блоктық жаңғыртудың маңызды мәселелерін қамтыды. ASBU ИКАО-ның жаһандық аэронавигациялық жоспарының бөлігі болып табылады және өзара байланысты автоматтандырылған әуе қозғалысын басқару жүйелерін, әуежай және әуеайлақ жүйелерін, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат қызметтерін, жиілік спектрін бөлуді, іздеу мен құтқаруды, борттық радиоэлектрондық жабдықты құру мәселелерін қамтиды, биікке көтерілудің және төмендеудің таза схемалары, ӘҚҚ органдарының шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін стратегиялық және тактикалық ұшуды жоспарлау және басқа да бүкіл авиациялық жүйені қамтиды.

1004