Алматының жаңа әуежайы 2024 жылы жұмыс істей бастайды
Салынған уақыты 12.05.2023 15:27
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайылов Түркия Қазақстанның, оның ішінде көлік саласындағы басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Премьер-Министр Tav Airports Holding компаниясының Алматыда жаңа халықаралық терминал салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Серкан Каптан компанияның Қазақстандағы ағымдағы қызметі және өзекті өндірістік мәселелер туралы айтып, республика аумағындағы басқа жобаларға қатысу жоспарларын белгіледі.
972