ИКАО кеңесі қоршаған ортаны қорғаудың маңызды жаңа және жаңартылған халықаралық авиациялық стандарттарын қабылдады
Салынған уақыты 06.04.2023 11:45
ИКАО кеңесі өзінің 228-ші сессиясында жұмысын жалғастыра отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар халықаралық авиациялық стандарттарды жаңартты.
Чикаго конвенциясының 16-қосымшасына жаңа түзету Халықаралық авиация (CORSIA) үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесіне қатысты мониторинг, есеп беру және тексеру талаптарына маңызды түсініктемелер беруге мүмкіндік береді.
Осы түзетудің көмегімен шағын авиакомпаниялар үшін corsia өтемақы міндеттемелерінің жаңа шекті мәні айқындалады, «жаңа қатысушылар» санатына жатпайтын жаңа пайдаланушылар үшін өтемақы міндеттемелерінің есебі расталады және өткен жылдың қазан айында өткен ИКАО Ассамблеяның 41-ші сессиясының нәтижелерін ескере отырып, тиісті жақында жаңартылған ИСО стандарттарымен келісуді қамтамасыз ету мақсатында түзетулер ресімделеді.
Кеңес 16-қосымшаға авиациялық шуды және авиациялық қозғалтқыштардың эмиссиясын төмендетуге қатысты және негізінен сәйкестік пен қолдану талаптарына байланысты жаңа түзетулер бойынша жұмыста одан әрі ілгерілеуге қол жеткізді.
ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар өз кезегінде «осы маңызды түзетулер пакетін сәтті қабылдау үшін ИКАО-ның авиация әсерінен қоршаған ортаны қорғау комитетіндегі (CAEP) үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары арасындағы тиімді ынтымақтастық, сондай-ақ аэронавигациялық комиссиядан алынған үлкен қолдау маңызды болды» деп атап өтті.
Кеңес 16-қосымшаға жаңа түзетулер енгізіп, 2023 жылдың 31 шілдесін күшіне ену күні және 2024 жылдың 1 қаңтарын қолданудың басталу күні ретінде белгіледі.
1281