Қазақстанда оннан астам жаңа халықаралық авиарейс ашылады
Салынған уақыты 06.04.2023 13:45
Көктем-жаз маусымына қарай Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбеге жаңа рейстер ашылады. Сонымен қатар, Стамбул, Тбилиси, Пхукет, Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Ираклион және Подгорицаға рейстер көбейеді.
Бұл авиарейстерді қабылдауға Алматы мен Астана әуежайлары ғана емес, Шымкент, Ақтау және Түркістан әуе айлақтары жұмылдырылады.
Бірқатар шетелдік авиакомпаниялар да Қазақстанмен әуе қатынасын жолға қоюды жоспарлап отыр. Мысалы, малайзиялық Air Asia Х лоукостері Куала-Лумпурдан Алматыға, ал Thai Air Asia тай тасымалдаушысы Бангкоктан Алматыға ұшатын болады. Ирандық Qeshm Air компаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр. Омандық SalamAir 1 шілдеден бастап Маскат – Алматы рейсін іске қосады.
Бұдан басқа, Air Astana отандық тасымалдаушысы Алматы мен Тель-Авив арасында аптасына екі тұрақты рейсті орындау туралы мәселені пысықтауда.
1627