Боинг 737 әуе кемесі ұшу-қону жолағынан ішінара итеріліп шығып кетті
Салынған уақыты 11.06.2018 10:29
2018 жылғы 03 маусымда Қостанай әуежайына қонғаннан кейін Алматы – Қостанай бағыты бойынша ұшуды жүргізген Боинг 737 әуе кемесі ұшу-қону жолағынан ішінара итеріліп шығып кетті. Алдыңғы және сол жақ шасси тіреуі жасанды ұшу-қону жолағының сырт жағындағы жұмсақ топырақта, ал оң жағы жасанды ұшу-қону жолағында болды. Екі әуе кемесі жасанды ұшу-қону жолағының бос болмауы салдарынан қосалқы әуеайлаққа жіберілді. Ұшақты эвакуациялауға 10 сағат кетті.
1823