2018 жылғы 5-7 маусым аралығында Астана қаласында өткен Гидрометеорология жөніндегі халықаралық кеңестің «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету» жұмыс тобының (ТМД ГХК ЖТ-4) және Шығыс Еуропа, оның ішінде Орта Азия елдерінде ИКАО стандарттары
Салынған уақыты 08.06.2018 17:30
Гидрометеорология жөніндегі Халықаралық кеңестің «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету» жұмыс тобының (ТМД ГХК ЖТ-4) және Шығыс Еуропа, оның ішінде Орта Азия елдерінде ИКАО стандарттарын және ұсынылын тәжірибені енгізу жөніндегі №4 жобалау тобының бірыңғай кеңесі (PT/EAST METG ICAO) Астана қаласында 2018 жылғы 5-7 маусым аралығында өтті. Басты ерекшелігі – ең алғашқы бірлескен кеңес 7 жыл бұрын 2011 жылы Қазақстанда өткізілген.
Бірлескен кеңестің жұмысына ЖТ-4 және PT/EAST мүшелері – Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украинаның өкілдері, сондай-ақ ИКАО, «ИРАМ» ЖАҚ және SKYMAX INNOVATIONS ЖШС өкілдері қатысты. Бірыңғай кеңеске қатысушылардың жалпы саны шамамен 40 адамды құрады.
Кеңесті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров ашты.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Аэронавигация басқармасының бастығы Олег Алексеевич Авдеев, ТМД ГХК ЖТ-4 төрағасы Марина Викторовна Петрова, PT/EAST METG ICAO төрағасы Нино Геловани, ИКАО Еуропалық және Солтүстік атлантикалық бюросының Аэронавигациялық жүйелерді енгізу (МЕТ) өңірлік өкілі Кристофер Кеохан алғы сөз айтты.
Кеңеске қатысушылардың баяндамаларында авиациялық метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсынатын халықаралық талаптар, Қазақстан Республикасында, Украина және Өзбекстанда авиациялық метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және Ресейде, Белоруссия мен Әзірбайжанда қолданылатын ұлттық тәжірибе мен ең озық практика мәселелері қарастырылды.
Жаһандық аэронавигациялық жоспарды (ЖАНЖ) және Авиациялық жүйені блоктық жетілдіруді (АЖБЖ) қолдау мақсатындағы өңірлік орталықтарды құру, метеорологиялық факторлармен байланысты тәуекелдерді басқару, ИКАО метеорологиялық ақпарат алмасудың жаңа цифрлық моделін енгізу, авиациялық метеорологиялық қамтамасыз ету практикасына ИКАО стандарттары мен ұсынымдарын енгізу білім беру және кәсіби даярлық саласындағы ВМО стандарттарын іске асыру мәселелері қарастырылды.
Семинар мен кеңес өткізілген уақытта 20-ға жуық баяндамалар мен презентациялар ұсынылды және сарапшылардың хабары тыңдалды.
Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын одан әрі арттыруға және ТМД қатысушы мемлекеттер мен көршілес мемлекеттердің бұл бағыттағы өзара қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылданды.
1661