ruenkz

"Қазаэронавигация" жұмыскерлерінің курсты бітіруші студенттермен кездесуі

Салынған уақыты 16.03.2023 14:34

Бас директордың орынбасары 2023 жылғы 23 қаңтарда бекіткен Әдістемесінің негізінде жасалған есепке сәйкес, 2023-2028 жылдарға Қарағанды филиалына ӘҚҚ 20 жаңа маманға қажеттілік туындайды.

Сонымен қатар, метеорологиялық қызмет мамандарының жас мөлшеріне сәйкес, 2023 – 2028 жылдарда аталған қызмет 7 жаңа маманға толығу керек.

Кадр қажеттілігі болжамын ескере отырып және азаматтық авиация саласының мамандарының кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында, сондай - ақ жастардың инженерлердің (метеорологиялық қызметі, РТЖБП қызметі) және азаматтық авиация диспетчерлерінің қызметіне қызығушылығын таныстыру және көрсету үшін «Қазаэронавигация»  РМК Қарағанды филиалының жұмыскерлері Қарағанды және  Балқаш қалаларының мектептерінде, колледждері мен университеттерінде кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырды.

Кездесу барысында компанияның қызмет саласы, қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басты миссиясы және компанияның құрылымдық құрамдас бөлігі туралы ақпарат берілді.

Таныстырылым барысында ӘҚҚ қызметінің маманы диспетчерлерді бастапқы даярлау курстарына өтінім беру рәсімін, оқу үдерісі мен оқу орнындағы оқу жағдайларын егжей-тегжейлі сипаттады. Метеорологиялық қызметінің және РТЖБП қызметінің жұмыскерлері синоптик және бақылаушы, авиациядағы инженер мамандығы туралы ақпаратты ұсынды, мансаптық бағытты таңдаудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде қатысушылар тарапынан мамандыққа деген қызығушылықтың артуы байқалды, компания қызметіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Оқушылар мен студенттер авиация саласында жоғары интеллект пен сауаттылықты көрсетті, бұл біздің ұйымның және тұтастай еліміздің болашақ мамандарының жақсы болашағы туралы айтады.

Кездесу қорытындысы бойынша компанияға қызығушылық танытқан бітіруші курс студенттері кері байланыс үшін өздерінің байланыс деректерін қалдырды.

Аталған жұмыс ағымдағы жылдың сәуір айында Жезқазған қаласында, және оған жақын маңдағы ауылдық жерлердегі оқу орындарында  жалғасады.

  

 

1866