ruenkz

Мюнхен әуежайында жолаушыларға көмектесетін Робот Джози пайда болды

Салынған уақыты 15.03.2023 16:36

Ақпан айында Мюнхен әуежайының 2-терминалында Джози Пепер роботы пайда болды, ол жолаушыларға ұшаққа отырғызатын жолды, дүкен немесе кафе табуға көмектеседі.

120 сантиметрлік машина ағылшын тілінде сөйлесе алады. Оны француздық SoftBank Robotics компаниясы әзірлеген және онда IBM компаниясының Watson Internet of Things жасанды интеллект технологиялары пайдаланылады.

Жолаушы роботқа сұрақ қойғаннан кейін, Wi-Fi құрылғысы сервиске қосылады, кейін сол жерден өңделіп, түсіндіріледі және әуежай туралы мәліметпен байланыстырылады.

«Роботтың бұл түрі сөйлеген кезде алдын ала белгіленген мәтіндерді ойнатып қана қоймайды. Меңгеру мүмкіндігі бар болғандықтан, құрылғы әр сұраққа жеке жауап береді. Дәлірек жауаптар беру үшін жүйе «тура» ми сияқты сұрақтарды тиісті ақпаратпен біріктіреді», - деді Мюнхен әуежайымен бірге осы жобаны жүзеге асыратын Lufthansa компаниясында.

Жолаушылар Джози Пеперді 2-терминалдың стерильді аймағында, спутниктік терминалға пойыз жөнелту залында кездестіре алады. Осы жобаның көмегімен компаниялар роботтардың бұл түрін жолаушылар қалай қабылдайтынын түсінгісі келеді.

Осы уақытқа дейін Германияның әуежайларында жасанды интеллект технологиясын пайдаланатын роботтар қолданылмады.

1369