«Қазаэронавигация» РМК өкілдері ИКАО Еуропалық өңірінің шығыс бөлігіндегі әуе қозғалысын басқару жөніндегі топтың 25-отырысына қатысты.
Салынған уақыты 04.06.2018 17:28
Аталған кеңес 2018 жылғы 25-27 сәуір аралығындағы кезеңде Бельгияның Брюссель қаласында EUROCONTROL - Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымда өткізілді.
Кездесуге 9 мемлекеттің (Azerbaijan, Armenia, Belarus, Georgia, Kazakhstan, Latvia, Republic of Moldova, Russian Federation, Ukraine) және халықаралық ұйымдардың (ICAO, EUROCONTROL) өкілдері қатысты.
Кеңес шеңберінде Хатшылық авиация саласындағы маңызды халықаралық оқиғалар туралы есеп берді.
SANIS және аэронавигацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы енгізу мәселелері бойынша ИКАО бірінші симпозиумының және GANIS аэронавигация саласындағы ИКАО екінші ғаламдық салалық симпозиуымының нәтижелері көрсетілді.
Eуропалық аэронавигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның (Еуробақылау) ASBU авиациялық жүйесін блоктық жаңғырту элементтерін енгізуге өңірлік мониторинг жасау туралы хабарламасы мәлімденді.
ASBU авиациялық жүйесін блоктық жаңғырту бойынша В0 және В1 блоктарын енгізу туралы баяндамалар тыңдалды.
Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның (Еуробақылау) әуе қозғалысын ұйымдастыру кезінде авиациялық оқыс оқиғалар туралы ерікті хабарламаларының бағдарламасы көрсетілді.
ИКАО еуропалық өңірінің шығыс бөлігіндегі мемелекеттеріне сипаттамаларға негізделген навигацияны енгізудың ағымдағы жағдайы туралы мәселелер талқыланды.
Мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастыру саласы бойынша пайдаланудағы маңызды жетістіктері туралы баяндамалар оқылды.
Кеңес материалдары ИКАО порталындағы ATMGE тобында жарияланған.
Кезекті ATMGE/26 кеңесін 2018 жылдың қыркүйек айында Францияның Париж қаласында өткізу жоспарланып отыр.
1609