ruenkz

Жолаушылар сұранысын қалпына келтіру шаралары 2022 жылдың желтоқсан айында да, жыл бойы да жалғасын тапты

Салынған уақыты 13.02.2023 09:30

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе тасымалын қалпына келтіру 2022 жылдың желтоқсан айында да, жыл бойы да жалғасқанын хабарлады.

2022 жылы тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық жолаушы- километрімен немесе RPK өлшемімен) 2021 жылмен салыстырғанда 64,4%-ға өсті. 2022 жылы жаһандық тасымалдау көлемі пандемияға дейінгі (2019 жыл) деңгейден 68,5% құрады. 2022 жылғы желтоқсандағы жалпы трафик 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 39,7%-ға өсіп, 2019 жылғы желтоқсандағы деңгейден 76,9%-ға жетті.

2022 жылы халықаралық трафик 2021 жылмен салыстырғанда 152,7%-ға өсіп, 2019 жылғы деңгейден 62,2%-ға жетті. 2022 жылғы желтоқсанда халықаралық трафик 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 80,2% - ға өсіп, 2019 жылғы желтоқсандағы деңгейдің 75,1% жетті.

Ішкі тасымалдау 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда 10,9% - ға өсті. Ішкі тасымалдар 2022 жылы 2019 жылғы деңгейдің 79,6% құрады. 2022 жылғы желтоқсандағы ішкі трафик алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2,6%-ға өсті және 2019 жылғы желтоқсандағы трафиктің 79,9% құрады.

«Бұл сала 2022 жылдың соңына қарай жылдың басына қарағанда әлдеқайда жақсы нәтижелерге қол жеткізді, өйткені үкіметтердің көпшілігі бір жыл ішінде COVID-19-ға байланысты саяхат шектеулерін алып тастап, адамдар қозғалу еркіндігінің мүмкіндігін пайдаланды. Қытай шекарасының қайта ашылуына кейбір үкіметтердің шамадан тыс реакция білдіруіне қарамастан, бұл серпін 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде», — деді IATA бас директоры Вилли Уолш.

1363